“Туймаада” олимпиадасы: Бір алтын, үш күміс және бес қола медаль
Қазақстан құрама командасы математика пәні бойынша XXVII халықаралық «Туймаада» олимпиадасында бір алтын, үш күміс және бес қола медальді жеңіп алды. Қазақстан құрама командасы қазан айының алғашқы аптасында онлайн режимде өткен математика пәні бойынша XXVII Халықаралық «Туймаада» олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан және Қазақстаннан 152 оқушы үміткер ретінде тіркеліп, бақтарын сынады – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
«Туймаада» олимпиадасына Қазақстан құрама командасында болған 18 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы бір алтын, үш күміс, бес қола медальді жеңіп, алты құрмет грамотасын иеленді: Олжабаев Асылбек; Раушанов Марлен, Беремқұлов Алан, Бұрамбаев Тамерлан; Сакенов Батырхан, Байшуақ Райымбек, Сейтенов Альдинаш, Омар Махмұт, Топоров Ярослав; Әбдікәрімов Бексұлтан, Уколов Иван, Жеңіс Әліби, Әбу Әділет, Есенбай Байсейіт, Дүйсембаев Қозыкөрпеш. Құрама команда мүшелерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!
Загрузка...