Алматы облыстық білім кәсіподағы: 22 ұстазға жазылым сертификаты ұсынылды
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өткен аптада мұғалімдер күніне орай “Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік шарасын ұйымдастырған болатын, – деп хабарлайды осы жетісулық жергілікті ұйымның баспасөз қызметі.
Шара барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов мерекелік құттықтауын жеткізіді. “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінің бағалы бастамасына қолдау білдіріп, “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен” әлеуметтік жобасы аясында майталман мұғалім Мырзахан Жебегеновке салалық танымал басылымның бір жылдық жазылымын тарту етті.
Мырзахан Рыстайұлы қырық жылдан астам саналы ғұмырын білім саласын ілгері дамытуға арнаған ардагер ұстаз ретінде мыңдаған шәкірт тәрбиелеуге салмақты үлес қосқан елеулі еңбегін айрықша атап айтты. Қазіргі кезде көптеген ол жас буын өкілдері тәуелсіз мемлекетіміздің түрлі саласында кәсіби маман тұрғысында қажырлы қызмет атқарулары арқылы аға буынның іргелі істерін сәтімен сабақтастыруда.
– Мэлс Құлмұханұлы болашағынан үлкен үміт күткен сол талапты түлектердің бірі де бірегейі ретінде жемісті жетістіктерге қол жеткізгенімен аймағымызға етене танылған беделді тұлға. Осы мерейлі сәтті пайдаланып, облыстық деңгейдегі қоғамдық ұйымды басқаруға кіріскен жаңа жұмысыңа сәттілік тілеп, батамды беремін, – деді ол сөйлеген сөзінде.
Загрузка...Басқосу барысында еліміздің барлық аумағына кеңінен тараған отандық педагогтер қауымының рухани акциясына аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары мен кәсіподақ белсенділеріне қоса жас мамандар жедел үн қосатындығы айрықша атап айтылды. Нәтижесінде облыс бойынша жалпы саны – 22 ұстазға «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымы табыс етілді. Салалық апталыққа жазылу науқаны алдағы уақытта да жылдағы дәстүр бойынша тұрақты түрде нақты жалғасын табатын болады.