Қызылорда облысы: Қашықтан оқуға керек бес мың электронды құрылғылар келді
Қашықтан оқытуға қажет электронды құрылғылар үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, біздің аймаққа 22 мың компьютерлік техникалар алынады. Қыркүйек айының алғашқы аптасында 1500 дана компьютерлік құрылғылар жеткізілген болатын, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл техникалар аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға таратылып берілуде. Баса айта кетерлігі, бұл құрылғылар қайтарымды түрде, оқушыларға уақытша беріледі. Яғни қашықтан оқыту аяқталған сәтте электронды техникалық мектеп балансына қабылданады. Қазан айының басында жеткізілген бес мың дана компьютерлік құрылғылар, сұраныс білдерген білім ордаларына таратылды. Оның 700 данасы компьютер, 4300 данасы планшеттер. Қалған компьютерлік құрылғыларды қазан айының аяғына дейін кезеңге сай жеткізу жоспарланған.
Загрузка...