Тағдырыма айналған кәсіп
Екібастұздың жас педагогтары білім беру саласының еңбек сіңірген қайраткерлерімен кездесті. “Қайнар” ЖБК-де басты кейіпкерлері тәжірибелі ұстаз-тәлімгерлер болған “Тағдырыма айналған кәсіп” ток-шоуы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Жарты ғасырлық саналы ғұмырын балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған педагогикалық еңбек ардагері Жақсылық Қуанышұлы Саимов Екібастұздағы тоғызқұмалақ ұлттық ойынының жандануының бастауында тұрды. Оның жетекшілігімен дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейі облыста үздік болып, республикалық “Мектептегі шахмат” байқауында екінші орынға ие болды.
Білім беру ардагері, дана да шыдамды ұстаз — Алма Бектенқызы Абелкасимова Екібастұз қаласының №26 мемлекеттік тілде оқытатын мектебін ашу кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қарсы алу құрметіне ие болды. Облыстық мәслихат депутаты, дарынды балаларға арналған №1 мектеп-лицейінің жетекшісі Гүлжан Исимбайқызы Әбішева – ұжым көшбасшысы, қоғам қайраткері және өз оқушыларының нағыз досы.
Жас әріптестермен әңгімелесу барысында көп жылдарын білім беру жүйесіне арнаған педагогтер педагогикалық жетістік формулаларымен бөлісті. Өздерінің қалыптасу жолдары туралы айтып берді. Жас мұғалімнің балалармен өзін қалай ұстауы, көшбасшылық қасиеттерді қалай көрсетуі және мұғалімдер ұжымында қарым-қатынасты қалай құруы туралы кеңестер берді.
Загрузка...Жас педагогтарға мұғалімдердің қызықты тарихтары, педагогтардың парасатты тәжірибелерін тыңдау өте қызықты болды. Кездесу бір деммен өтті. Қонақтардың тағылымы мол әңгімелері тек қол шапалақпен үзілді. Әрине, бұл кездесу ұзақ уақыт есте қалады, ал тәлімгерлердің тәжірибесі жас мамандардың одан әрі жұмыс істеуі үшін көмек және негіз болады.