Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман
Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл тұлға, қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талапта жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі жаналықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктігін шыңдайтын жеке көз қарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілетке ие және білімді де білікті, тағылымды тәжірибесін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман болуы керек.
Бұл өмір талабы. Ұстазда ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттердің де болуы шарт. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесемді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізіу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты, қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білуінде. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өттік.
Критериалды бағалау кезінде оқушылаордың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі: қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша және жиынтық бағалауға негізделген. Ол баланың жан-жақты ізденуіне ықпал етеді. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуға ықылысын туғызады. Заманауи талаптың үдесінен шығатын әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді: жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына; жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесі; оқу бағдарламасының және оны іске асыру мен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне; білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.
Мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол! Ұстаздаң шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктігігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік білім мен сәйкестенеді. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған.
Біздің білім ордасының қызмет атқара бастағанына биыл жетінші жыл. Мектепте 86 ұстаз еңбек етеді. Соңғы екі жылда ұстаздарымыз арнайы аттестациядан өтіп, педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, модератор секілді санаттарға ие болды. Ұжымда бір педагог-шебер, 17 педагог-зерттеуші, сегіз педагог-сарапшы және 12 модератор біліктілік деңгейі бар. Бұл біліктілік деңгей мектеп мұғалімдерінің қырық төрт пайызын құрайды. Мұғалімдердің шеберлігі арқасында мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестті жақсы тапсырып жүр. Соңғы жылдарда орташа балл 90 дейін көтерілді. Жеті оқушымыз «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болса, 10 оқушы үздік аттестат алды. Соңғы үш жылда 61 оқушы мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл енді ашылып тәй-тәй басқан мектеп үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Болашақта мектеп түлектерінің мемлекетіміздің жақсы маман иесі болып, олардың да бір кірпіш болып қаланатына сенеміз.
Гүлайым Бекетқызы ИМАНОВА,
№10 ЖББОМ директорының орынбасары, Ақтөбе облысы