Павлодарлық жас шахматшылардың жеңісі

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесіорталығы қашықтықтан онлайн-платформалардың көмегімен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шахматтан Х жазғы қазақстандық оқушылар Гимназиадасын өткізді.

Онлайн турнир жас топтарында өткізілді: 10 жасқа дейін – 2010 ж. т. және одан кіші, 14 жасқа дейін – 2006-2009 ж. т. және 18 жасқа дейін  – 2002-2005 ж. т. Біздің облыс атынан Павлодар қ. № 9 ЖОМ оқушысы Малыгин Владислав Александрович, Павлодар қ. № 1 ЖОМ оқушысы Балмағамбетов Тимур Болатович, Екібастұз қ. № 35 мектеп гимназиясының оқушысы Анисимова Мария Дмитриевна қатысты.

Жеке есепте өз жас тобында (2006) Малыгин Владислав және Балмағамбетов Тимур (2006) І орынды иеленді. Жалпы командалық есепте біздің құрама команда шахмат бойынша бірінші орында. Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дипломдары және медальдарымен марапатталады. Жеңімпаздарымызды кезекті жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий