Алматы облысында қос мереке аталып өтті

Мұғалімдер және Кәсіподақтар күні қарсаңында Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы салтанатты қабылдау ұйымдастырып, белсенді кәсіподақ мүшелерін марапаттауды дәстүрге айналдырған, – деп хабарлайды жетісулық осы жергілікті қоғамдық ұйымның баспасөз қызметі.

Биылғы жылы да атаулы мерекелерге орай облыстық кәсіподақ ұйымы «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты тақырыпта салтанатты жиынын өткізді. Облыс орталығында өткен мерекелік басқосуға Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов, аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелері, сала ардагерлері қатысты.

Шара барысында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз алып, ұстаздарды және кәсіподақ мүшелерін төл мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының қызметі, еңбекті қорғау және еңбек қатынастары, мәдени – бұқаралық шаралар, ұжымдық шарт аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Алматы облыстық басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Мағданқызы ұстаздардың мәртебесін арттыру үшін білім саласының қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жүргізілгенін жеткізсе, кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Серікқалиұлы ұстаздардың қоғамдық жұмыстағы белсендігін жоғары бағалады. Мекеме басшылары мерекелік құттықтауларын жеткізіп, ізгі тілектерін жолдады. Салтанатты қабылдауға қатысқан кәсіподақ белсенділеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, Алматы облысы әкімінің, облыстық  білім басқармасы және кәсіподақ ұйымының төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.   

Аға буын өкілдері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен жас мамандар әріптестеріне арналған тілектерін айтып, жеңістіктерімен бөліссе, Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері мен Оқушылар сарайының бишілері өнерлерін ортаға салып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий