«Халық алғысы» медалі табысталды

Коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 22 ақтөбелік «Халық алғысы» медаліне лайық деп танылды. Олардың арасында Жұбанов университетінің  физика-математика факультетінің студенті Нұрбек  Жалғасбаев та бар,-деп хабарлайды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің баспасөз қызметі.

Нұрбек — ақтөбеліктер үшін танымал ерікті. Жақсылық жасау, қайырымдылықа үлес қосу сүйікті ісі. Еріктілердің қатарына да өз еркімен қосылған жан. Қатарластарына ерікті болудың пайдалы тұстарын айтудан шармайды.

Нұрбек Жалғасбаевтың айтуынша, қалалық еріктілер пандемия кезінде ұйымшылдық танытып, жақындарына көмектесіп, COVID-19 таралмауына өздерінің үлесін қосты. Сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінде кезекшілік атқарды, дезинфекция жасауға қатысты, жедел штабта да жұмыс істеді. Азаматтардың тұрмысы төмен санаттарына дәрі-дәрмек, азық-түлік пен қорғануға арналған заттарды таратты.

Айта кетейік, «Халық алғысы» медалі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирус инфекциясымен күресте көзге түскен азаматтарға беріледі.

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий