Университеттің кадрлық резерві жаңа PhD докторлармен толықты

Қарағанды техникалық университетінде ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау – тау-кен металлургиялық, энергетикалық, машина жасау, көлік және құрылыс бейіндерінің 8 өзекті мамандығы бойынша PhD докторантура шеңберінде жүзеге асырылады,-деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Барлық осы мамандықтар бойынша ЖОО базасында диссертациялық кеңестер табысты жұмыс істейді.Докторанттарға ғылыми жетекшілік етуге университеттің ғылым докторлары қатарынан жетекші ғалымдар, сондай-ақ шетелдік ғалымдар тартылды.

PhD докторантурасында университеттің талантты жастарынан басқа, мақсатты тапсырыс бойынша Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының өкілдері оқиды. Докторантураны бітірген жылы түлектердің көпшілігі докторлық диссертацияларды табысты қорғайды.

Жақында ЖОО докторантурасының тағы алтү түлегі дәрежелері бекітіліп, PhD докторлары атанды.Біз оларды ғылыми дәрежесімен құттықтап, оларға ғылыми және педагогикалық қызметте табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий