Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ақпараттық-кеңес беру күні өтті

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылғы 13 қазанда академиялық ұтқырлық бөлімі Microsoft Teams платформасында ақпараттық-кеңес беру күнін өткізді,-деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы Ермек Көмекбаев бағдарлама бойынша ақпарат беріп өтті. Студенттер ұтқырлық бағдарламаларының түрлері, серіктес университеттер туралы, құжаттарды қабылдау мерзімдері, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларының шарттары жөнінде ақпаратпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты академиялық ұтқырлық бағдарламасының биылғы ерекшеліктеріне баса назар аударды. Жиын соңында студенттерге академиялық ұтқырлыққа қатысты сұрақтарға жауап берілді.

Бұл іс-шара шетелде білім алу тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде студенттер құрамының сапасын жақсартуға және ұлғайтуға арналған шаралардың бірі болып табылады.

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий