«Қазақшаң қалай, балақай?» атты балабақшалар арасындағы облыстық байқауы өтті

2020 жылғы 9 қазан күні Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты балабақшалар арасындағы облыстық байқауын өткізді,-деп хабарлайды Ақмола облысының Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы, сайыс-мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және өзге ұлт бүлдіршіндерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықыластары мен қызығушылықтарын арттыру, ұлттық патриотизмді дамыта отырып, тәлім-тәрбие беру және тарихымызды ұлықтау мақсатында өтті.

«Облыстық «Қазақшаң қалай, балақай?» облыстық байқауына Ақмола облысының Астрахан, Атбасар, Есіл, Жақсы, Жарқайың аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан жалпы саны 21 балабақша қатысқан болатын. Қатысушылар балалармен жұмыс, мемлекеттік тілді меңгерту және балалардың қалай меңгергенін көрсете білді. Бүлдіршіндер сабақ барысында белсенділік танытып, ойларын ұшқыр, дәл жеткізе білді.

Ұлттық асыл мұрамызды құрметтеу, таныту барысын мұғалімдер бүлдіршіндерге көрнекілік құралдары арқылы жеткізді» – дейді Мәнсия Есекеева, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ төрайымы.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Бұланды ауданының «Балдырған» балабақшасы қанжығасына байласа, ІІ орын Көкшетау қаласындағы «Достық» балабақшасында, ал ІІІ орынды Атбасар ауданы, «Родничок» балабақшасының балақайлары иеленді. Сонымен қатар, «Абай дәстүрімен» номинациясын Көкшетау қаласындағы «Мирас» бөбекжай-бақшасы, «Ұлттық дәстүр» номинациясын «Амина» балабақшасы, «Мәдениет пен өнер» номинациясын Жақсы ауданының «Дән» балабақшасы иеленген болатын.

Жеңімпаздар мен қатысушылар диплом, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орын иегерлеріне арнайы статуэтка табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий