Кішкентай бауырлар, үлкен уайымдар
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Анастасия Кормушинаның әлеуметтік жобасы стартап-байқауда 300 мың теңгені жеңіп алды. Стартап-байқау «BIRGEMIZ: TAZA ÁLEM» ұлттық жобасының гранты аясында Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Анастасияның еріктілер жобасы жануарларды қорғау саласына, яғни Талдықорған қаласындағы бақылаусыз қалған жануарларды зарарсыздандыруға бағытталған. Еріктінің айтуынша, қаңғыбас жануарлар қалада жиі кездеседі және олар тұрғындарға бірқатар қиындықтар тудыруда. Жеке зерттеу жүргізіп, Анастасия қалада жануарлар паналайтын орталығы да жоқ екенін анықтады. Проблемалық мәселелер ашық күйінде қалып отыр: адамдарға шабуыл, ауру таратушылар, қала қоқыстарының ластануы және ең маңызды мәселе – олардың көбейюі.
– Адамгершілік тұрғысынан ұсталған жануарларды тек тіршілік ету фактісі үшін жою әдепке жатпайды. Шынында да, бұл мәселеге көбіне адамдар өздері кінәлі, өздері қолға үйреткен жануарлардан бас тартады. Сондықтан зарарсыздандыру үйсіз жануарларға қатысты ең ізгілікті әдістердің бірі болып қала береді, – деді Анастасия Кормушина өз пікірінде.
Кішкентай бауырларға көмектесу Анастасияның ұзақ мерзімді дәстүріне айналды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында ол қамқормсыз қалған жануарларды тамақтандыруға бағытталған «Үміт панасы» жобасын жасады. Қазіргі уақытта мектеп белсенділері «Zooclub» жануарлар құқығын қорғаушылар қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықта болып, онда үйсіз жануарларға иелер табуға, тамақтандыруға, стендтер салуға, күтім жасауға көмектеседі. Қазір Анастасия жануарлардың тез көбеюін шешуге бағытталған.
Загрузка...– Менің зарарсыздандыру жобам басталды, қазір біз жеті қаңғыбас иттерді емдедік. Операциядан кейін біз оларға қамқорлық жасаймыз, олардың көпшілігі жаңа иелерін тапты. Осындай кішкентай, бірақ сенімді қадамдармен біз қоғамның назарын жануарлар проблемасына аударамыз деп үміттенемін, – дейді Зияткерлік мектептің оқушысы Анастасия Кормушина сұхбатын аяқтап.