“Елбасы медалі” бағдарламасы аясында

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес  «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Елбасының «El Úmiti» бастамасы аясында «Елбасы Медалі» бағдарламасы жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінде ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам қатысушыны біріктіріп отыр. Жамбыл облысы бойынша 575 оқушы бағдарлама аясында «Спорт», «Кітап оқу», «Ерікті қызмет»,  «Ұлттық мұра», «Саяхат», «Еңбек тәжірибесі», «Дарындылық пен дағдыны арттыру» сынды 7 бағыт бойынша өз білімдерін шыңдауда.

Әр кезеңді өткен сайын қатысушының білімі мен дағдысы артып, оның өз күшіне деген сенімі қалыптасады.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий