Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында шахматтан «Ақбозат» онлайн-турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды

Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 10-11 қазанында www.lichess ойын платформасын қолдану арқылы онлайн-форматта Ұлттық Мектеп лигасы аясында шахматтан облыстық кезеңнің «Ақбозат» онлайн-турнирі өтті,-деп хабарлайды Павлодар облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 140 оқушы қатысты. Жоғары жас тобында I орынды Абай атындағы №10 гимназия командасы иеленді. II орын-дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей – интернаты, III орын-Павлодар қаласының №3 гимназиясы. Кіші жас тобында I орынды Павлодар қ. №9 ЖОМ командасы, ІІ орынды Павлодар қ. №8 мектеп-лицейі, III орынды Екібастұз қ. №24 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығының медальдарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды. Турнир жеңімпаздары «Ақбозат 2020» республикалық турниріне қатысады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий