Құндылыққа арналған әліппе

Биылғы жылы мектебіміз кітапханасы толымды құндылықтармен толықты. Олардың қатарында оқу бағдарламаларына енгізілген Алпамыс батыр, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, қазақ поэзиясының әліппесі саналатын «Қыз Жібек», қазақтың махаббат символына айналған  «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», сондай-ақ  «Мұхтар Әуезов энциклопедиясы», Абай Құнанбайұлының шығармалары, балаларға арналған танымдық энциклопедия мен анықтамалықтар, көркем кітаптар бар.

Елімізде тұңғыш рет жарыққа шыққан «Даналық әліппесі» де біздің мектепке келіп жетті. «Даналық әліппесі» мазмұнына қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөздер, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілген. Аталған  кешендік сипаттағы нұсқаулық, онекі кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады.

«Даналық әліппесіндегі» халықтық туындылар электрондық  дыбыстау құралдары арқылы  да тыңдалады. Әр кітапқа енген құндылықтарды танымал ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері дыбыстаған. Бұл өнім «Interactiv Kazakhstan» компаниясының базасында Жапонияның жаңа технологиясы бойынша жасалған.

Орынбасар ТЛЕУМОВА,

«Көктөбе» жалпы орта білім беретін мектеп»ММ

кітапханасының меңгерушісі.

Павлодар облысы,

Май ауданы,

Көктөбе ауылы.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий