Поэзия клубы оқушылардың танылуына жол ашып отыр

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Геолог» мәдениет үйінде поэзияға қызығушы жастардың басын қосатын поэзия клубы жұмыс жасайды. Қазір клубта 25 оқушы бар,-деп хабарлайды облыстық «Ақтөбе» газеті.

Осыдан төрт жыл бұрын құрылған клубтың жетістіктері өте көп. Биыл  Ақтөбе қаласында өткен «Мәңгілік ел алыптары» атты республикалық рухани-патриоттық байқауында клуб мүшесі  Гүлназ Әбдірахметова «Көркемсөз» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болса,  Жанерке Жоламан І орын алды. Екі оқушы да Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алыпты. Сондай-ақ Мәдина Жұмашева, Аңсат Бергенов, Дильназ Едіге секілді оқушылар республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Клуб жетекшісі Мұратбек Тәжіғұловтың айтуынша,  мақсат — балалардың поэзияға, әдебиетке  деген қызығушылығын ояту, облыстан шыққан ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстыру.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий