Қашықтан оқыту: Оқушылардың білім жетістіктері қалай бағаланады

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова оқушылардың оқу жетістіктері қалай бағаланатынын түсіндірді,-деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

«Қашықтан оқыту кезіндегі маңызды мәселенің бірі – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Өздеріңіз білетіндей, бағалау білімдегі олқылықтарды анықтап, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырады. Сондай-ақ, мұғалім мен оқушы сабақтағы жетістіктерін жақсарту үшін қосымша іс-шаралар жоспарын бірлесіп жасай алады. Биылғы оқу жылындағы карантин жағдайында 2-11 сынып оқушыларының оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау арқылы анықталып, балл қойылады. Ал 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың жетістіктерін бақылау және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізілетінін тағы да еске салғым келеді», – деді ол. Басқарма басшысы бірінші тоқсан аяқталуға жақын қалғанын атап өтті. «Осыған байланысты, оқушыларды оқылған бөлім үшін жиынтық бағалау 5 қазаннан басталды, ал тоқсан үшін бағалау 28 қазаннан басталады. Бағаланатын әр пән бойынша – 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау және 1 тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілетін пәндер мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалады. Сонымен қатар, жиынтық бағалау келесі оқу пәндері бойынша өткізілмейді: «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» және «Бастауыш сыныптарға арналған информатика». Атап өтетін жағдай, медициналық көрсеткіштер бойынша ерекше білім қажеттілігі бар үйде оқитын балалар үшін мұғалім оқу жүктемесі мен оқыған оқу материалын ескере отырып, жеке тапсырма әзірлейді», – деді Шолпан Қадырова. Оның айтуынша, тоқсандық қортынды баға – қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша бағалау және тоқсан бойынша бағалау нәтижелері негізінде, яғни оқушылардың тоқсан ішіндегі оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескеріліп, балдар қойылады. Жиынтық бағалаудың қорытындылары оқушыларға, ата-аналарға қағаз немесе электрондық форматта беріледі.

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім күн сайын журналда оқушылардың оқу жетістіктерінің прогресін Күнделік электронды журналында орналастырылған есепке сәйкес балл түрінде тіркеп отырады. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 10 балдан аспайды. Бұл ретте 1-3 балл төмен деңгей өлшемдеріне сәйкес келеді (10% – дан 30% – ға дейін). Осындай бағалау оқушы бұл жағдайда қателіктер жіберіп, мұғаліммен кері байланыс туралы қорытынды жасамайды, тапсырмаларды өз бетінше орындай алмаған жағдайда қойылады. Ал 4-7 балл аралығы – орта деңгей өлшемдеріне сәйкес келеді (40%-дан 70% – ға дейін). Бұл бағалау оқушы қандай да бір қателіктер жіберуі мүмкін, тапсырмаларды кейде өз бетінше орындауға қиындықтар туындағанда қойылады. 8-10 балл – жоғары деңгей (80% – дан 100% – ға дейін). Бұл жағдайда оқушы тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктер жасауы мүмкін, өз бетінше тапсырмаларды орындай алады, түсіндіре алады, және жауаптарын негіздей алады. «Осылайша, тоқсандық бағалау – қалыптастырушы бағалаудың орташа баллы, бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелері негізінде тиісінше 25, 25 және 50 пайыздық арақатынаста қойылады. Осыған байланысты оқушылардың ата-аналары тарапынан оқыту нәтижелерін бағалаудың объективтілігі бойынша бірнеше сұрақтар келіп түскенін атап өткім келеді. Сондықтан, осы сияқты мәселелер туындаған жағдайда, тоқсан үшін жиынтық бағалау қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізілетінін естеріңізге саламын», – деді басқарма басшысы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий