Республикалық жобалардың жастарға берер пайдасы мол

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы     № 444 бұйрығымен бекітілген Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, «JASTARǴA – KEŃES», «JASTARǴA – BILIM», «JASTARǴA – QYZMET» және «JASTARǴA – JUMYS» сияқты 4 көлемді жоба іске асырылуда. Әрбір жобаның жастарға берер пайдасы зор. Себебі әрқайсысы әртүрлі бағытта жас буынға жәрдемдесуші жоба болып саналады,-деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобалардың мақсаты – жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу, жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыттары шеңберінде бейресми білім беру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына ықпал ету, жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыттары шеңберінде жастардың цифрлық жобаларын іске асыру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу, коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында жастарды онлайн режимде жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу болып табылады.

Ақмола облысы бойынша облыстық жастар-ресурстық орталығы әр жобаны жүзеге асырып келеді. Көп жылдар бойы АҚШ-да өмір сүрген және білім алған Гатенюк Дмитрий, «JASTARǴA – BILIM» жобасы аясында ағылшын тілін онлайн негізде тегін түрде өткізуде. Мұндай мүмкіндікті арман етіп жүрген жастар қатары баршылық. Сонымен қатар, «JASTARǴA – KEŃES» және «JASTARǴA – JUMYS» жобалары шеңберінде облыстық ЖРО-ның жастарды жұмыспен қамту маманы – Мақпал Жанарисова, «Атамекен» ҰКП және қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандарымен ортақтасып онлайн түрде жастарға кеңес беріп, жаңа бағдарламалар жөнінде сөз қозғайды. Берілген кеңестің арқасында көптеген жастар өз жолдарын тауып, жұмысқа тұрақты түрде орналасқан болатын. Жыл басынан бері облыстық жастар-ресурстық орталықтары 4650-ден астам жас азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті. Жеке өтініштер бойынша Жастар орталықтарына 473 адам жұмысқа орналастырылып, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы түрлі мәселелер бойынша Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы 6405 жастарға кеңес берді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әлеуметтік желілерде түрлі эстафеталар, челлендждер «JASTARǴA – QYZMET» жобасы тарапынан өткізіліп жатыр. Жыл басынан бастап аталмыш жобалар бойынша әлеуметтік желілерде 90-нан астам іс-шаралар өткізілді.

Алдағы уақытта, ЖРО әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарда мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, вебинарлар, онлайн тренингтер, шеберлік кластары, өмірлік дағдыларды, құқықтық, кәсіпкерлік және цифрлық құзыреттерді дамыту, жастарға кәсіптік бағдар беру, ағартушылық челлендждер, марафондар, акциялар, әлеуметтік желілердегі лайфхактар, онлайн викториналар, жастардың онлайн іс-шараларын өткізу және өңірлердің ірі жұмыс берушілерін және халықты жұмыспен қамту орталықтарын тарта отырып, бос орындардың онлайн жәрмеңкелерін өткізу жоспарлануда.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий