Динара Закиева: Балалар мүгедектік арбасында ыңғайсыз күйде күні бойы отырған

Төрт жастан 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар тұратын көптеген медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) қызметі өрескел бұзушылықтармен жүргізіледі. Кейбір аймақтардағы МӘМ-де балаларға күтім жасау сапасы сын көтермейтін жағдайда. Бұл, ең алдымен, ондағы қызметкерлер біліктілігінің төмендігіне, мекемелердің күн тәртібін, жұмыс нормаларын сақтамауына байланысты, – деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі.

Осыған орай МӘМ қызметіндегі аталған кемшіліктерді жою, «құрметпен қамқорлық жасау» әдісін енгізу, балаларды тәуелсіз өмірге дайындау, медициналық, әлеуметтік, психологиялық және коррекциялық қызметтерді жетілдіру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажет. Осы мақсатта Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық» корпоративтік қоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның медициналық-әлеуметтік мекемелерінің 200 қызметкерін оқытуды ұйымдастыруды қолға алды.

Оқытуды Италияның жетекші мамандарынан даярлықтан өткен мамандар мен Майра Сүлеева басшылық жасайтын мүгедектерді кешенді оңалтуға арналған «Кеңес» орталығының командасы жүргізеді. Оқытудың бірінші кезеңі онлайн-семинар ретінде қарастырылады. Екінші кезең жергілікті жерлерде 8 өңірлік МӘМ-де, атап айтқанда Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қостанай, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында өтетін практикалық сабақтарды қамтиды. Білім беру үшін аймақтарға арнайы мамандар барады, олар балаларға арналған кеңістікті ұйымдастыру, ерекшеліктері, психомоторлық, сенсорлық мінез-құлық, балалардың эмоционалды қабылдауы, жеке даму жоспарлары, дұрыс тамақтану мен қалпына келтіруге дейінгі мәселелерді қамтитын сабақтар өткізеді.

– 2019 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобы Қазақстанның медициналық-әлеуметтік мекемелерін (МӘМ) қоса алғанда, барлық өңірлердегі балаларға арналған 1350 мекемеге мониторинг жүргізді. Бала күтімі, балаларды дамытудың жеке жоспарларын, күн тәртібін сақтау, емдеу мен оңалту, материалдық-техникалық жабдықтау деңгейінде бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық» КҚ басшысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрайымы Динара Закиева.

Қор басшысы мониторинг барысында анықталған фактілер туралы ақпаратпен бөлісті: «МӘМ камераларынан алынған бейнежазбаларды тексерген кезде балаларды басын көтермей, көлденең қалыпта тамақтандыратынын көрдік. Тіпті өздігінен отыруға дағдыланған баланы жаялықтармен байлап қойған және оларды күн ұзаққа дейін осы қалыпта ұстайды. Сондай-ақ балаларды 2 күн ішінде ең көбі 1,5-2 сағатқа бөлмеден шығарған фактілер анықталды. Қыз баланы 2 күн бойы таңғы 6:40-тан кешкі 8-ге дейін арбадан тұрғызбаған. Арбалардың көлемі баланың жасына, салмағы мен бойына сәйкес болмағандықтан, балалар күні бойы ыңғайсыз күйде отыруға мәжбүр.

Оның айтуынша, «Кеңес анықтаған бұзушылықтар бойынша әлеуметтік қорғау министрлігі мен өңір әкімдіктері жабдықтарды жаңартып жатыр. Алайда, осы мекемелердің қызметкерлерін оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру өте маңызды. Білім беруде заманауи тәсілдер қажет. Тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген тәсілдерді ғана пайдалану қажет. Бұл ерекше балалармен жүргізілетін жұмыс сапасын арттырады. МӘМ қызметкерлерін оқыту ағымдағы жылдың қазан және қараша айларында онлайн-форматта өтеді. Осыдан кейін жеті ай ішінде біліктілікті арттыру мамандары еліміздің өңірлеріне барым білім беруді жалғастырады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий