Инклюзияны қолдау кабинеттерi

Ерекше балалардың бiлiм алуына тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету-басты мiндеттердiң бiрi. Бүгiнгi таңда бiздiң өңiрде ерекше бiлiм берiлуiне қажеттiлiгi бар балалар санының көптiгi сақталып отыр, 4 мыңнан астам. Балаларға көмек көрсету, ата-аналарға кеңес беру үшiн инклюзивке жағдай жасаған бiлiм беру ұйымдарының желiсiн кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда,-деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қ.I. Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша 2019-2020 оқу жылы iшiнде жергiлiктi бюджет қаражаты, меценаттар есебiнен облыстың 8 ауданында ерекше бiлiм берiлуiне қажеттiлiгi бар балаларға (Тайынша, Аққайың, Мамлют, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсiрепов, Шал ақын, Есiл, Қызылжар) инклюзияны қолдау сыныптары ашылды.

Жаңа оқу жылында тағы 4 ауданда (Айыртау, Жамбыл, Уәлиханов, Тимирязев) ашылды. Кабинеттердiң ашылуы қалада ғана емес, ауылдық жерлерде де ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үшiн қолайлы, жайлы жағдай жасауға мүмкiндiк бердi. Сондай-ақ инклюзивтi бiлiм берудi дамытуға ықпал етедi.

 

Инклюзияны қолдау кабинеттерi оқу үшiн ерекше жағдайларды қажет ететiн балаларға өз құрдастарының арасында жалпы бiлiм беретiн мектепке бейiмделуге, әлеуметтенуге мүмкiндiк бередi.ИҚК-де барлық қажеттi жағдайлар жасалған, логопедтермен сабақтар, психологиялық қызмет жұмыс iстейдi, тьютерлердi сүйемелдеу ұйымдастырылған.Кабинеттердi ашу бойынша жұмыс жалғасуда, жыл соңына дейiн осындай кабинет Ақжар ауданында ашылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий