Жүрек жылуы
Жер бетін жеті айналып шықсаң да қадірлі мамандық иесі–ұстаз! Ұстаз берген тәлім-тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер жарық болып саналары хақ. Ғалым да, тілінен бал тамған ақын мен жазушы да, көк аспанды бағындырған ұшқыш та бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алады. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеді.
Ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет екенін бәріміз жақсы білеміз. Ұстаз-жас ұрпақтардың рухани бағдаршамы, халық өзінің болашағын сеніп тапсырған ұлағатты тұлға! Бұл ретте қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп атап өткен.
Жалпы тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи, әлеуметтік, мәдени рухани құндылықтарын дамыту ісінде, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі орасан. Олар қашықтан білім беру ісінде де айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп келеді. Біздің ауқымды жұмыстарымыз білім саласын дамытуға, одан нәтиже шығаруға бағытталған. Әлемді жүрек жылуымен әлдилей білген ұстаздың негізгі мақсаты-білімді де отансүйгіш ұрпақтарды тәрбиелеу.
Нұржан НАМАНГЕНОВА,
А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ
«математика, информатика пәндерінің»
бірлестік жетекшісі. Алматы қаласы