Білім саласындағы цифрландыру жөнінде брифинг өтті

Бүгін, өңірлік коммуникация қызметінің алаңында білім саласындағы цифрландыру мен техникалық, кәсіптік білім берудегі жаңалықтар жөнінде брифинг өтті.Спикерлер қатарында басшының орынбасары В.Гамазов пен өңірлік колледждер директорлар кенесінің төрағасы Ш.Оразалин болды,- деп хабарлайды Ақмола облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде облыста білім беру жүйесін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Білім беру жүйесін цифрландыру мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Облыста балаларды мектепке дейінгі мекемелерге электрондық жазу жүйесі жұмыс істейді. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ата-аналар өз баласының деректерін жалпы кезекке дербес енгізеді және балабақшаларда бос жұмыс орындарының болуын қадағалайды.

Облыста STEM-білім беру белсенді дамуда. Ақмола облысында білім беру робототехникасын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Робототехника элементтерімен / кабинеттерімен жабдықтау жалғасуда. Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен 25 робототехника кабинетін сатып алуға 96 млн.теңге бөлінді. Облыстың 32 колледжінде 94 мамандық және 139 біліктілік бойынша экономиканың 13 саласы: ауыл шаруашылығы, машина жасау, көлік, білім, медицина және т.б. бойынша кадрлар даярлау жүргізіледі.

Облыстың 23 колледжі тәуелсіз аккредиттеу органдарында аккредиттеу рәсімінен өтті. 13 колледж «жоғары колледж» мәртебесіне ие, бұл жоғары кәсіби деңгейдегі кадрлар даярлауды жүргізуге мүмкіндік береді (қолданбалы бакалавриат). Колледждердің жұмыс тәжірибесіне дуалды оқыту белсенді енгізілуде. Бүгінде 28 колледжде өңірдің еңбек нарығында сұранысқа ие 36 мамандық және 64 біліктілік бойынша 4 мыңға жуық студент дуальды оқыту формасымен қамтылған.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий