Павлодар облысында төрт мұғалім коронавирус жұқтырған

Өңірде 14 оқушыдан коронавирус анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті,- деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Бүгінде облысымызда 356 мектептің ішінде шалғай ауылдардағы 184 мектепте 10 мыңнан астам бала дәстүрлі түрде білім алуда. 172 мектептегі 70 мыңнан астам оқушы қашықтықтан оқиды. Сондай-ақ 164 мектепте кезекші сыныптар ұйымдастырылды. 2451 кезекші сыныпқа сабақ беру үшін 2285 мұғалім тартылды. Әр сыныпта оқушы саны 15-тен аспайды, – дейді Дінислам Болатханұлы.

Спикердің айтуынша, өңірде 14 оқушыдан коронавирус анықталып, 4 мұғалім індет жұқтырған. – 14 оқушының ішінде қашықтықтан және онлайн білім алғандары да бар. Барлығы қазір үйлерінде. Олардың кейбірі ем қабылдап жатса, енді бірі  жазылып шыққан. Індеттен айыққан оқушылар да үйлерінде. Оған қоса, салқын тиіп ауырып қалған оқушыларды да бақылап отырмыз. Ондай оқушылар 5,4 пайыздан аспайды, – деді Дінислам Болатханұлы.

Басқарма басшысы барлық оқушылар мен мұғалімдер компьютерлік техникамен қамтылғанын атап өтті. – Біздің аймақ елімізде мектептердегі компьютерлік базасы үлкен облыс болып саналады. Өңірімізде 21 мыңнан астам компьютер бар. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде 12 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ екенін анықтадық. Бірнеше баласы білім алатын отбасылар да бар. Оған қоса, 40 мыңнан астам мұғалімнің ішінде 140 ұстазда компьютер жоқ болып шықты. Соны ескеріп, компьютерлер таратып бердік. Қазір облыстық және республикалық бюджеттен компьютерлер сатып алу жүргізілуде, – деді Дінислам Болатханұлы.

Республикалық бюджеттен алынған 1670 жаңа компьютерің барлығы оқушларға таратылған. Сондай-ақ берілген компьютерлерді пайдаланбай отырған ата-аналар да бар.-Кейбір ата-аналар жауапкершіліктен қорқып, берілген компьютерлерді пайдаланбай отыр. Сындырып алып, құнын төлеуден қорқады. Ондай ата-аналарға балаларыңыз білім бағдарламасынан қалып қоймас үшін қорықпай, компьютерлерді ашуын сұраймыз, – дейді басқарма басшысы.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий