Қарағандыда өткен ғылыми онлайн-конференцияға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар қатысты

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Іс-шара отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен онлайн-режимде өтті,-деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Конференция Қарағанды университетінің Археология, этнология және отандық тарих бөлімінің меңгерушісі, «Тұлғатану» зерттеу орталығының директоры, тарихшы-ғалым Нұрсахан Бейсенбекованың 70 жылдығына орайластырылды. Нұрсахан Бейсенбекованың қазақ халқының рухани мұрасына арналған дәрістері көмегімен тарихшылардың бірнеше ұрпағы өскен. Оның жетекшілігімен студенттер «Жас Алаш» клубында зерттеу жұмыстарымен айналысады.-Конференцияда Қазақстан тарихын, жалпы Отан тарихын зерттеу мәселелері көтерілді. Біздің іс-шараның мақсаты – білім беру сапасын арттыру болып табылады. Қатысушылар қазақстандықтардың жетістігінің басты құндылығы мен факторы ретінде білімге табынуды қалыптастыру қажеттілігі туралы айтты, – дейді Қарағанды университеті Тарих факультетінің деканы Жамбыл Жұмабеков.

Баяндамаларда жаһандану жағдайындағы тарихи сананы жаңғырту, Цифрлық мәдениетті қалыптастыру сияқты тақырыптар қозғалды. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті кеңейтілген Ғылыми кеңес өткізіп, онда Нұрсахан Бейсенбекованы мерейтойымен құттықтады. Оған облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Әріптестер ғалымның Қазақстан тарихы ғылымының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың құттықтау хатын оқып, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының атынан естелік медаль табыстады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий