Маңғыстауда «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Маңғыстауда «Жас маман» жобасы аясында материалдық-техникалық базамен жарақтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы МО Білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев хабарлады. Бұл бастама 2019 жылғы еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын заманауи техникамен жабдықтау және білікті мамандармен қамту арқылы бүгінгі нарыққа қажетті мамандарды даярлау тапсырмасына сәйкес қолға алынды,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz/kk.

«Бұған республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2020 жылға 5 колледжге 1,6 млрд. теңге 2021 жылға 5 колледжге 1,4 млрд. теңге сонымен өңіріміздің техникалық бағыттағы 10 колледжі жарақтандырылады. Бөлінген қаражатқа агрегаттар, жаттықтырушы машиналар мен автотренажерлар, 3D принтерлер, мобильді бейнестудиялар, адамтәрізді роботконструкторлар және т.б заманауи жабдықтар сатып алынады», – деді Асқар Сейдалиев.

Жоба аясында колледждер өңір нарығындағы сұранысқа ие аспаз, кондитер, токарь, дәнекерлеуші, құрылысшы, автокөліктерге қызмет көрсету, байланыс операторлары сияқты мамандарды даярлайды. Айта кетейік, колледж студенттерінің шәкіртақысы былтырғы жылмен салыстырғанда республикалық бюджет есебінен 25% көбейді. 2019 жылы орташа есеппен 21 787 теңгені құраса, биыл 26 815 теңгені құрады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий