Алматы оқушылары «The Planet of ART-2020» халықаралық байқауының жүлдегерлері атанды

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Бурақожаева Диана, Жидебай Айша, Жақып Ұлпан, Кубанова Римма ойшыл-ғалым Әбу-Насыр-Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «The Planet of ART-2020» халықаралық байқауының ақтық кезеңіне өтті,-деп хабарлайды «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті.

Оның ішінде 9 сынып оқушысы Диана Буракожаева art-сайыстың жеңімпазы атанды. Ақтық кезеңге өткен жас суретшілердің  жұмыстары Халықаралық байқаудың  «Ұлы дала ойшылдары» атты тақырыптық альбомына енгізіледі, оның тұсаукесері Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде өтетін арнайы ресми іс-шаралар кезінде болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазақстанның облыс орталықтарында ұйымдастырылатын үздік жұмыстардың көшпелі экспозициясында өңірлердің тұрғындары зияткерлердің туындыларын тамашалай алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий