Ақтауда кезекші класс карантинге жабылды

Ақтаудағы №29 мектептің кезекші сыныбы карантинге жабылды. Аталған білім ошағының 1-сынып оқушысынан коронавирус анықталды. Ол қазанның 8-інен бері үйінде болған, яғни бір аптадан бері мектепке келмеген,-деп хабарлайды  «Хабар 24» телеарнасы.

Баланың әжесі оңтүстіктегі шипажайлардың бірінен ауырып келіп, «COVID-19» анықталғандықтан отбасының барлық мүшесінен сынама тест алынған еді. Күні кеше тест нәтижесі бойынша 1-сынып оқушысының қауіпті індеттің симптомсыз түрін жұқтырғаны анықталды. Баланың көңіл-күйі жақсы, қазір үй-ішімен бірге оқшауланды» дейді білім басқармасының басшысы.

Науқас анықталған сыныптың оқушыларынан және ата-аналарынан сынама алынып, тұтас сынып пен үш пән мұғалімі карантин режиміне көшірілді. Басқа мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әлгі оқушының анасының да вирус жұқтырғаны белгілі болды.   Асқар Сейдалиев, облыстық білім басқармасының басшысы: – Жаңа оқу жылында оқушылар арасынан 2 коронавирус инфекциясы анықталды. Оның бірі Ақтау қаласындағы 29 мектептің 1-сынып оқушысы. Яғни ол мектеп баратын оқушысы. Ол вирустың симптомсыз түрі, қауіп жоқ. Екіншісі қашықтан оқып жатқан 3-сынып оқушысы.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий