Газетіміздің тұрақты оқырманы марапатталды

Газетіміздің белсенді оқырманы Күлзипа Әуесқызы ҚЫЛЫШБАЕВА «Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі» медалімен марапатталды. Мұны елеулі де тынымсыз еңбекке берілген шынайы баға деп білеміз және лайықты марапатқа құтты болсын айтамыз! Салтанатты шарада Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов марапат иесін құттықтап, білікті ұстазға ризашылығын білдіріп, жемісті еңбек тіледі.

Білімге қатысты бірнеше еңбек жазған Күлзипа Әуесқызы 1960 жылы 6 ақпанда Жамбыл облысы, Бостандық ауданында дүниеге келді. 1968-1978 жылдар аралығында осы аталған облыстың Мойынқұм ауданы, К.Мыңбаев атындағы орта мектепте оқыды. Мектепті тамамдағаннан кейін 1978-1979 жылы аталған мектепте аға пионервожатый қызметін атқарды. 1979 жылы Алматы қаласында Қыздар педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетіне оқуға түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша 1983 жылы бітірді. 1983 жылдан бастап, Нұр-Сұлтан қаласында білім беру саласында қызмет жасауда.   Атап айтар болсақ, жоғары оқу орындарында қазақ тілі кафедрасында еңбек жолын аға оқытушыдан бастап, доцент атағы дәрежесіне көтеріліп,

Білім басқармасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері,  2000 жылдан №5 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2009 жылы осы аталған гимназияда оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары  қызметін атқарып, үздіксіз еңбек етіп  келеді. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асқан ұлағатты ұстаз өзінің бай тәжірибесімен бүгінгі күні де ұрпақ пен жас маман тәрбиелеуде.

 Ұстаз педагогикалық инновациялық идеяларын ортаға салып, үнемі жетілдіріп отырады. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұсынуымен «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» (2020 ж.) мен «Махамбеттану» қолданбалы курс бағдарламалары (2014 ж.) Қазақстан Республикасы мектептерінде қолдану үшін баспаға ұсынылды. 

Өзінің талай жылғы шығармашылық жұмысында қолданып келе жатқан іс-тәжірибесін эксперименттік алаңға ұсынып, Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінде инновациялық үрдістерді дамыту үшін ұстаздың іс-тәжірибесі қорғалып,  жұмыс нәтижесі қала мектептеріне таратылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Тіл мектебі» авторлық бағдарлама байқауының жүлдегері. Ұстаздың заман талабына ілесе отырып,онлайн  жүйесінде көрсеткен ашық сабағы – жаңалықтың жаршысы, шығармашылықтың   нағыз  жарқын  үлгісі болды. Бұл онлайн жүйесі арқылы берілген сабаққа елорда мектептері мен республиканың мыңға тарта білім беру мекемелері қатысып, алғыс хаттар мен пікірлерін  жолдады.

Күлзипа Әуесқызы тек қана сабақ берумен ғана шектелмей, мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыруда, әдіс-тәсілдерін жетілдіруде  республика мұғалімдеріне арнап, өзінің іс-тәжірибесін ортаға салып, бөлісіп отырады.Ұрпақтың білім-тәрбие ісінде шешілуге тиіс деп есептейтін инновациялық шығармашылық іс-тәжірибесін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен «Әдебиетті оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» атты халықаралық конференцияда, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан,Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Шымкет қалаларында өткен республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияларда, педагогикалық оқуларда, филологтар сьезінде «Оқушы құзырлығын қалыптастырудағы әдебиет пәнінің рөлі» (2015ж.), «Шығармашылық ізденіс арқылы дарынды оқушылармен жұмыс»(2008ж.), «Қазіргі сабақты құзырлылық әдіс-тәсіл тұрғысынан жоспарлау ерекшеліктері» (2013ж.), «Махамбет жырларының ұлттық мұраты – «Мәңгілік Ел» жеке   тұлғаға бағытталған сабақтардың ажырамас бөлігі»,(2016ж.) «Қазақ әдебиетін ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту арқылы тұлға құзыреттілігін дамыту» (2013ж.), «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында сабақ сапасын арттыру арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру» (2020ж.) атты тақырыптарда өз жұмыс тәжірибесін ортаға салды. Мұнан өзге де бірнеше ғылыми еңбектері бар. Бұл ғылыми-әдістемелік іс-тәжірибелері мерзімді басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Соның ішінде біздің «Блімді ел» республикалық газетіне де жарияланды. Яғни, білікті ұстаз біздің тұрақты оқырманымыз болып саналады. Өзінің ұстаздық еңбек жолында бірнеше марапатттарды иеленген тәжірибелі ұстазға биік асулардан көріне беріңіз деген шынайы тілегімізді білдіреміз.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий