Қызылорда облысы: 9478 қажетті құрылғы жеткізілді және тағы 10662 ноутбук пен 2730 компьютер әкелінбек

Биылғы жылы өздеріңізге белгілі, оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастадық. Бұрынғы 4 тоқсандағыдай емес, ьірінші тоқсанда 1-4 сынып оқушылары үшін де дәстүрлі түрде кезекші топтар ашылды. Балалар қашықтан оқыту форматында білім алып, педагогтар жаңа жағдайға сай бейімделіп, оқу процесін бастады, – деді Қызылорда облыстық білім басқармасының бастығы Ақзира Қасымова жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қашықтан арнайы ұйымдастырылған баспасөз брифингіндегі сөйлеген сөзінде.

Салалық құрылымның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше сырбойылық педагогтар телесабақтар түсіріліміне қатысып, жаңа практика жағдайына сай әрекет етіп, ата-анамен бірге жұмысты жүргізіп келеді. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда ең әуелі оқушылар үшін компьютерлік техниканың қажеттілігі анық. Жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуды табысты іске асыру шеңберінде білім алушыларды компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етуге ҚР Үкіметінің қоры есебінен 3,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға  22870 дана компьютерлік құрылғылар (компьютер – 3706, ноутбук – 14362, планшет – 4802) сатып алынады.

Аталған компьютерлік құрылғыларға білім басқармасы мемлекеттік сатып алу заңының арнайы тәртібімен 14362 дана ноутбук пен 4802 дана планшетке  «Фирма «Казинтерсервис» ЖШС-мен  және 3706 дана компью-терлерді жеткізуге «Барыс СК» ЖШС-мен келісімшартқа отырды.  Нәтижесінде 185,1 млн. теңге үнемделді. Қыркүйек айында келісім-шартқа сәйкес «Фирма «Казинтерсервис» ЖШС-мен өндірушілерінен 1000 дана ноутбук және 4802 дана планшет келді. Ал, 14 қазан күні 2700 дана ноутбук жеткізілуде. Сонымен қатар, «Барыс СК» ЖШС-мен қыркүйек айында 700 дана, қазан айында 276 дана компьютер жеткізілді.

Бүгінгі күнге барлығы 9478 дана компьютерлік құрылғы жеткізілді. Бұл 41% құрайды. Қалған 10662 дана ноутбук пен 2730 дана компьютер қазан айының аяғында дейін  жеткізілуі күтілуде. Ерекше айтуға тиіспіз, жеткізілген компьютерлік құрылғылар сот сараптама орталығы мамандарымен тексеріліп, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ұсынылған талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана қабылданып алынуда. Техникалық ерекшелікке сәйкес келмеген құрылғылар жеткізушілермен ауыстырылып берілуде.

Өздеріңіз де білетіндей, әрбір техникалық құрылғылардың сатып алу жұмыстары ашық түрде, арнайы жұмысшы топтың мамандарымен бірлесе отырып іске асты. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін жұмысшы топтың құрамына тәуелсіз журналистер мен блогерлер тартылды, – деді аймақтың бас ұстазы. – Облысқа жеткізілген электронды техникалардың техникалық талаптарының заңдылыққа сәйкестігін тексеруде халыққа ашық түрде жеткізу үшін «Ақмешіт адалдық алаңы» арқылы және тәуелсіз сарапшылардың көмегімен тікелей эфир арқылы әлеуметтік желі қолданушылары ашық жеткізіліп отыр.

Компьютерлерге байланысты тарату жұмыстарына қатысты бұл құрылғылар кімдерге беріледі деген сауалдар жиі қойылады. Компьютерлер ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, ерекше жағдайда үйден білім алатын балалар мен көпбалалы отбасының балаларына табыстап жатырмыз. Қазіргі күні бұл құрылғылар Қызылорда қаласының мектептеріне таратылуда. Ал, аудандарға кезең-кезеңімен таратылып беріледі. Мұнан бөлек, облыстық бюджеттегі үнемделген қаржы есебінен де балаларға қажетті электронды техникалар алынды. Балаларымыздың лайықты білім алуы жолында демеушілер де көмек қолын созып, ортақ іске бірлесті. «Дара» қорынан 300-ден аса планшеттер алынды.

Сонымен бірге жергілікті аймақтың жанашыр азаматтары мен меценаттар тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларға ноутбуктер мен планшеттер табысталды. Қазір балалар І тоқсанды аяқтауға жақын қалды. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына орай шешім шығарылады. Құзырлы орындар үшін балалардың денсаулығы аса қажет. Баршаға белгілі, қазір балалар арасында вирус індетін жұқтыру деректері өзге өңірлерде тіркеліп жатыр. Мұндай кезеңде асқан жауаптылық танытып, балалардың денсаулығы үшін қашықтан оқыту форматындағы жұмыстар үйлестірілуде. Қазіргі күні білім басқармасы ата-аналардың, ұстаздардың ашық пікірін білу мақсатында арнайы call орталықтың нөмірлерін бекітті. 60-54-81 телефон нөмірі арқылы сауалдарды жедел жолдауларына болады.

Сонымен бірге жеке өзімнің кері байланыс нөмірімді ашық көрсетіп, білім басқармасының ресми парақшамда жарияладық. Тағы да айта кетейін, 8-775-488-27-56. Кез келген сауалға ашық әрі уақытылы жауап берілуде. Біз әрбір ата-ананың пікірін ескеруге дайынбыз, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий