Балаға буллинг және кибербуллингпен күресуге қалай көмектесуге болады?

Ата-аналарға арналған кеңестер. Көптеген балалар өздерінің қорлағанын мойындауға ұялады. Олар ол туралы тіс жармайды. Егер сіздің балаңыз көмек сұраса, бұған байыппен қараңыз. Егер сіздің балаңыз сізден бірінші рет көмек сұраса, ал сіз оған немқұрайлы қараған болсаңыз, онда екінші рет ол сізден көмек сұрамайды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Егер балаңыз буллингтен зардап шекке болса. Егер сіздің балаңыз сізден көмек сұрамаса, оның буллинг құрбаны болғанын көрсететін келесі белгілерге назар аударыңыз: балаңыз тұйық болып кетеді; достарын жоғалтады; оқуы нашарлайды; бұрын жақсы көретін сабақтарына қызығушылығы жоғалады; оның киімі жыртылған немесе бүлінген; көгерген жерлері көбейеді; қалтапұл көп сұрайды. Егер балаңыз жәбірлеуші болса – Әрбір ата-ана оның баласы басқаларды зәбірлететініне сенгісі келмейді, алайда кейде мұндай жағдайлар болып жатады. Бірақ егер ол қазір басқаларды мазақ етсе, бұл оның болашақта осылай істейтінін білдірмейді. Ата-аналар баланың өзгеруіне және сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

Сіздің балаңыз: басқаларға жаны ашымаса; агрессивтілікті бағаласа; басқарғанды ұнатса; жеңілгенді ұнатпайтын жеңімпаздың арсыздығын көрсетсе; бауырларымен жиі сөзге келіп қалса; қызба болса, онда ол жәбірлеуші болуы мүмкін. Ата-аналарға кеңестер: сенуге үйреніңіз және үйретіңіз. Баланы жақсы жаңалық үшін мақтауды және жаман жаңалық үшін сын айтуды доғаруды ұсынамыз. Әйтпесе олар сізбен тек оң реакция болатын ақпаратпен ғана бөлісетін болады. Баладан жасырып ешқандай іс-әрекет жасамаңыз, оның келісімінсіз істеріне араласпаңыз. Ата-ана араласса бәрі нашарлайды деген оның ең үлкен қорқынышы болып табылады. Баланың өзіне деген сенімділігін жетілдіріңіз. Баланы әділ және әділ емес сынға дұрыс жауап қайтаруды үйретіңіз. Әрбір сын – бұл жеке өкпе емес, тек бөлек жағдай туралы біреудің пікірі ғана екенін жеткізу маңызды.

Балаға өзін көрсете алатын істі табуға көмектесіңіз. Өзіне сенімді балалар қудалаудың құрбаны сирек болады, ал сүйікті ісіндегі сәттілік, тіпті шамалы болса да, агрессияның салдарын жеңуге көмектеседі, егер ол бұрын болған болса. Желідегі жеке ақпаратты қорғау туралы айтып беріңіз. Баланың аккаунттарынан пароль талап етудің орнына, одан да желідегі әлеуметтік белсенділікті бастаңыз. Осылайша сіз оның интернеттегі іс-қимылын, достары мен қызығушылықтарын көре аласыз. Интернетте қандай ақпаратты жариялауға болатынын және жариялауға болмайтынын түсіндіріңіз. Желідегі қандай да бір қорлайтын және кемсітетін жазбаға қалай арыз тастауға болатынын айтып беріңіз: бұл үшін «Пожаловаться» деген батырманы немесе ұнамсыз посттың не пікірдің жанындағы «Report» деген батырманы басу жеткілікті.

Баламен ғана емес, сондай-ақ ұжыммен де жұмыс істеңіз. «Көңіл аударма» және «есесін қайтар» деген кеңестер беруді ұмытыңыз. Бала жәбірленушімен күресе алуы мүмкін, алайда эмоцияларды білдірудің жалпымен танылған тәсілі – кемсітушілік пен қорлық болған ұжымның жағдайын өзгерте алмасы анық. Проблеманы шешуге басқа ата-аналарды араластырыңыз: ешкім оның баласын қорлауды немесе қорлауға қатысқанын қаламайды. Балаға қоршаған ортамен ортақ мүдделерді қалыптастыруға көмектесіңіз. Баланың сыныптастарын жиі қонаққа шақырыңыз (әсіресе оның ұнатқан достарын). Егер баланың ерекше хоббиі болса, оған құрдастарына ол туралы айтуға көмектесіңіз. Басқа балалардың ата-аналарымен қарым-қатынаста болыңыз. Көбінесе бұл ересектер арасындағы достық, бұл балалар арасындағы қарым-қатынасқа себеп болады. Мұны істеу үшін мектептен кейін кафеге жиналуды немесе отбасыларымен киноға баруды ұсыну жеткілікті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий