Мұнайлы өлкенің оқушылары құтқарушыларды мерекемен құттықтады

Бүгін 19 қазан – Құтқарушылар күні. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласының құрылғанына 25 жыл. Атаулы мерекеге орай Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары аймақтағы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Атыраулық зияткерлер мектеп қауымдастығы атынан облыстағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшысы Омар Құмарұлына құттықтау хатты табыстап, сала қызметкерлеріне арнаған өлең жолдарын оқып берді. – Ақ халатты абзал жандар сияқты құтқарушыларда қоғамның құрметіне лайық. Сондықтан олардың тынымсыз еңбегін елеп, кәсіби мерекеде жылы лебіз білдіру біздің азаматтық борышымыз, – дейді оқушылар.

Мерекелік құттықтаудан соң оқушылар төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған техникалық құралдардың көрмесіне қатысты. Олар департаменттің өрт сөндіру және суда құтқаруға арналған материалдық-техникалық базасымен танысып мамандармен тілдесті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий