Баспасөз – 2021: Отандық ұстаздардың төл газеті

“Білімді ел – Образованная страна” газетінің редакциясына ұйымшыл ұстаздар ұжымының атынан бес жылдан бергі тұрақты оқырманы ретінде ризашылық лебізімізді білдіргім келеді. Апталықтың әрбір айдары бойынша жазылған жарияланымдарды ерекше ықыласпен зерделеп отырамыз. 

Бұл басылымның басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан ерекшелігі аз уақытта тез танылып, білім саласындағы барлық деңгейлер бойынша тұрақты оқырмандарды жинай алды. Қалың қауымның ыстық ықыласына бөлену – баспа мамандарының кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ұстанымының нақты нәтижесінде. Қағаз нұсқасы мен интернет сайтта салалық министрліктің ресми ақпараттары, яғни нормативтік құжаттар, оқыту үдерісін ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар, қашықтан оқыту мәселелері бойынша ұсынымдар үздіксіз жарияланып келеді.

Сонымен қатар, әрбір өңірдің білім беру басқармалары, біліктілік арттыру мәселелері, оқытудың жаңа үлгілері бойынша жинақталған ұстаздар тәжірибесін зерделеудеміз. Әрі отандық ғалымдардың құнды материалдары мен инновациялық идеяларымен қатар, шет мемлекеттердің жаңалықтарымен танысу мүмкіндігі мол. Республикалық газеттің тақырыптық диапазоны санқырлы және қай жағдайда болмасын мақсат ортақ – педагогикалық кәсіби білімді дамытуға үлес қосу және озық үлгілерді кеңінен насихаттау. Білім және ғылым министрлігі тарапынан мемлекеттік бағдарламаларда ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептерді дамыту проблемалары басым бағыттардың бірі болып белгіленіп, осы ұйымдарды дамытудың инновациялық-стратегиялық жаңғыртуына басымдық берілуде.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы маңызды мәселелер жан-жақты зерттеліп, шалғай мекендерде орналасқан алыс ауылдарының әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі өзегіне айналған жергілікті шағын жинақты мектептерге қажетті қолдау көрсетілетіндігі  анық. Барша ұстаздардың қалауына айналған төл газетіміз ашық ұстанымы мен қағидаларынің нәтижесінде тұрақты оқырмандарын толықтыра берсін.

Ұлбала Хамитқызы ЕСМАҒАНБЕТОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Қызылорда облысы бойынша
ПҚ БАИ “Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы,
академиялық доцент

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий