әл – Фараби – 1150: Тұлғаны танудың талпынысы

Біздің ұжымның қатысуымен ғұлама данышпан бабамыздың мерейтойы шеңберінде “әл-Фараби мұрасы және Рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан” тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулары ұйымдастырылды. Шараның қорытындысы бойынша жергілікті филиал мен әл-Фараби есімін иеленген мектеп-лицейі жаңа формациядағы педагогтердің қалыптасуы мен санасын жаңғырту мақсатында “әл-Фараби сабақтары” аталатын арнайы жобаны бірлесе қолға алды.

Ең басты ұстанымы – ұлттық білім беру жүйесін дамыту, педагог мәртебесін нығайту және оның қызметінің мазмұнын жаңарту үшін философия мен білім беру тәжірибесіндегі Шығыстың көрнекті ойшылының идеяларын түсіндіруге бағытталған болатын.  Түрлі тақырыпта бейне дәріс әзірлеуге үн қосушы мұғалімдер тарихи тұлғаның қазіргі заманға дейін жеткен еңбектерінің мазмұнына терең үңіліп, оларды қазіргі білім беру тәжірибесінде пайдалану бойынша тұжырымдалған пайымдары мен ойларын педагогтар мен мектеп оқушыларының назарына ұсынуын жалғастыруда.

Биыл қашықтан басталған жаңа оқу жылына санаулы күндер қалғанда, жаңаша жобаның алғашқы бейне жазбасы таныстырылып, авторлардың ізденісі негізінде әлемдік деңгейдегі екінші ұстаздың «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатындағы «Басшының 12  қасиеті» жайындағы зерттеулері баяндалған еді.

Арнайы жасақталған сараптамалық топтың қарауына ұсынылатын шығармашылық жұмыстар біздің филиалдың әлеуметтік желідегі парақшаларында бір айда 2-3 рет жарияланып келеді. Негізгі талап бейне дәрістің ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы тиіс. Осы қысқа уақытта танымдық тұрғыдағы түсірілімді терең мазмұнда баяндап шығу әрине оңай емес. Бұл үлкен шеберлікті қажет етеді. Сондықтан осы жобаны жылдың соңына дейін жалғастыру жоспарланған.

Әділ НҰРТАЗИН,
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы СҚО бойынша
ПҚ БАИ, курстан кейінгі қолдау және инновацияларды
енгізу зертханасы ББПППС PR, SMM-маманы, Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий