Қазақстандық мектептердің 99 пайызы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған

Қазақстандық мектептердің 99 пайызы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 2018 жылы бұл көрсеткіш тек 75% құраған болатын, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

– Білім беру ұйымдарын бейнебақылау камераларымен қамту мәселесі де маңызды Бүгінгі таңда камералармен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстың саны емес, сапасы маңыздырақ. Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнекамералармен қамту бойынша нақты талаптар қойылған. Орнатылған бейнебақылау камерелары барлық талаптарға сай болуы тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий