“Ақбозат” шахмат турнирінің павлодарлық жеңімпаздары марапаталды

Павлодар облысының командасы “Ақбозат” ұлттық мектеп лигасының жалпы командалық есебінде бірінші орын алды. Бұл турнир жуырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы Қазақстандық шахмат федерациясының бірлсуімен ұйымдастырылған болатын. Жарыс Lichess.org сайт платформасында өтті. Спорттық сайысқа республиканың сегіз аймағынан үздік оқушылар қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Павлодар құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-7 сыныптар тобында 1 орын алды. 2-7 жас тобында бірінші тақтада Павлодар қ. № 9 ЖОМ оқушылары Малыгин Владислав ІІ орынды, екінші тақтада І орынды Луцик Степан, 10-11 жас тобында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сапарғали Ильяс екінші тақтада ІІІ орынды иеленді. Онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының грамоталарымен және медальдарымен марапатталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий