Сыр елінде 4 мемлекеттік, 2 жеке мектептің құрылысы жүруде

Сыр елінде мектеп салу қарқыны жоғарылап келеді. Өңірде соңғы жылдары демографиялық өсімнің жоғары болуының нәтижесінде жаңа мөлтек аудандар бой көтеріп, мектепте баратын оқушылардың саны да артуда. Бұл сөзсіз жаңа мектеп құрылысын салуды қажет етеді, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақта биыл екі жаңа мектеп пайдаланылуға берілді. Оның біреуі Қызылорда қаласындағы 600 орындық Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа мектеп. Білім нысаны жанынан ерекше балаларға арналған орталық ашылады. Ал, екінші жаңа мектеп Жалағаш ауданынан берілді. Типтік жобада салынған білім ордасы 140 орынға лайықталған. Мұнан бөлек, өңірде жыл басынан бері төрт мектептің құрылысы жүргізілуде.

Оның ішінде Қызылорда қаласынан 600 орындық, Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептер келесі жылы ел игілігіне бағытталмақ. Жаңа мектептер салуда Сыр елінде мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясындағы жеке мектептердің үлесі ерек. Қазіргі кезде облыстық орталығында 500 және 300 орындық қос жеке мектептің құрылысы жүргізілуде. Айта кетейік, аймақта үш жүз білім беру ошағы бар. Оның 293-і мемлекеттік, жетеуі жеке мектеп үлесінде. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий