“Үздік авторлық бағдарлама”: Республикалық байқаудың жеңімпаздары

“Үздік авторлық бағдарлама” республикалық байқауы онлайн режимінде ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты таңдалған пәндер бойынша оқу тәртібі, элективтік, арнайы курстарға, курстарға байланысты авторлық бағдарлама әзірлейтін үздік педагогтердің озық авторлық тәжірибесін анықтау және таратуға бағытталған.

Байқауға педагогикалық тәжірибелері бес жылдан кем емес, жұмыстары облыстық іріктеу кезеңінен өткен барлық типті және түрлі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты. Баянауыл ауданы бойынша бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру бағыты бойынша №2 Майқайың ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Юрьевна Коваль, эстетикалық бағыттағы пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық) бағыты бойынша Зейтін Ақышев атындағы ЖОББМ-нің көркем еңбек  пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова, сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік жұмыс (үйірмелер, секциялар) бағыты бойынша Ш. Айманов атындағы  жалпы орта білім беру мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахимтаев тарапынан үш авторлық жұмыс ұсынылды.

Байқаудың материалдарды қорғау қорытындылары бойынша Зейтін Ақышев атындағы  ЖОББМ-нің көркем еңбек  пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова үшінші дәрежелі арнайы дипломмен марапатталды. Жаңа жетістігіңіз құтты болсын!

Мәншүк Тынысқызы ШУМАҚОВА,
Баянауыл аудандық білім бөлімінің
әдіскері, Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий