Онлайн байқау: “Менің Отаныма – менің бастамам” жобасының жүлдегерлері

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткен аптада “Менің Отаныма – менің бастамам” тақырыбында республикалық шығармашылық жобалар байқауын онлайн-платформада қашықтық форматында ұйымдастырған болатын, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Байқау дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету мақсатын көздейді. Бұл шараға білім беру ұйымдарының білім алушылары – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының байқау кезеңдерінің 170 жеңімпазы қатысты. Байқауға біздің аймақтан тоғыз оқушы қатысып, оның үшеуі жүлделі орынға ие болды. «Туған қалаға игілікті істер» номинациясы бойынша Атбасар ауданынан Кобилецкая Василиса 2 орын алды. Ол еріктілер жасақтарын құруға және дамытуға; әлеуметтік маңызды істерді ұйымдастыруға, оның ішінде бос уақытты ұйымдастыру бойынша балаларды белсенді қызметке тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Біздің қаламыздың экологиялық мәселелері» шығармашылық жобаны ұсынды.

Бурабай ауданынан Кабдуллин Мадияр «Менің кіші Отаным» номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алды. Жеке тұлғаның өз елінің рухани адамгершілігі мол азаматы және патриоты, кіші Отанының өткені мен болашағын зерттеп, оны өркендетуге бағытталған «Жазылмаған дала заңы» шығармашылық жобасы туралы айтып берді. Осы жобаның азаматты және патриотты тәрбиелеуде оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен маңызы зор. – “Менің жобам елім деген ертеңгі ұрпаққа рухани азық болу керек”‘- деген. Ия, шынымен де менің жобам ауданда да, облыста да жоғары бағаға ие болды, жүлделі орын иелендім. Міне, республикалық кезеңге жолдама беріліп, қашықтықтан зум арқылы өз жобаңды қорғайсың дегенде толқу сезімі болды, себебі офлайн арқылы қорғау, көзбе көз ойыңды жеткізу әлдеқайда жеңіл секілді маған. Бірақ онлайн арқылы да ойымды нақты, дәлелді жеткізуге тырыстым. Осы еңбегімді бағалап, әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болдым. Қуаныштымын. Әлі еліме берерімнен, беретінім көп деп ойлаймын. Мұндай жобалардың біз сияқты жеткіншектерге берер тағылымы мол екеніне сенімдімін, – дейді Мадияр.

«Жаңғырту полюсі» аталымы бойынша Аршалы ауданынан Сардарқызы Аружан 3 орынды иеленді. Ол номинация бойынша қатысушы мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, шығармашылық әлеуетті және әр түрлі өнер түрлерін дамыту, бос уақыттың жаңа түрлерін құруға ықпал етуге бағытталған «Заманауи киімдегі түркі халықтарының қолтаңбасын жаңғырту» жобасын ұсынды. Осылайша, ақмолалық шәкірттер жалпыкомандалық есепте үшінші қатардан көрінді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий