Түркістан облысы: Қосымша 49 479 компьютерлік құрылғы жеткізіледі

Оңтүстік өлкеде 912 жалпы білім беретін мектепте (12-сі жекеменшік) жалпы саны 502 737 оқушы білім алатындығы ресми рәсімделген. Олардың сексен тоғыз пайызы, яғни 446 109 шәкірт қашықтан оқытылуда. Биылғы жаңа оқу жылы басталған тұста жүргізілген есептеу барысында 79 214 білімгердің үйден оқуы үшін компьютерлік құрылғысы жоқ екендігі анықталған болатын, – деп хабарлайды Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақтың мектеп жасындағы жас жеткіншектеріне білім беру бағдарламасы бойынша пән сабақтарын ұтымды ұйымдастыру мақсатында ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 57190 (7711 планшет, 5952 компьютер, 43527 ноутбук) қажетті жабдықтар сатып алу жоспарланып, алғашқы кезектегі топтамамен 4000 дана құрылғы қыркүйек айының соңына дейін жеткізілген еді. Қазан айының бірінші аптасында қалған 3711 планшет қабылдап алынды. Сонымен қатар өтінім берушілерге екі айға арналған “Білім” тарифі қосылған сим-карталар (теле-2, билайн, актив, алтел) қоса табысталды.

Үкімет резервінің қаражатына алынатын 49 479 құрылғы (5952 компьютер, 43527 ноутбук) осы айдың соңына дейін жеткізіліп, сұранысқа сай тарату жоспарланған. Қашықтан оқыту ісін жүйелі жүргізу үшін арнайы әкелінетін компьютерлер мен ноутбуктер аз қамтамассыз етілген және көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін ұл-қыздардың жанұясына үлестіріледі. Бұл жауапты жұмыстардың құзырлы орындар тарапынан мақұлданған ресми құжаттарға сәйкес толықққанды атқырылуын қадағалау құзыры облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы жанынан құрылған жетекші топ мүшелеріне міндеттелген.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий