“Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!”: Ұстазға құрмет, баршаға міндет

Ұстаз… осы бес әріптен құралған сөзде терең мағына бар.Білікті ұстаздың алдынан өтіп, шәкірт ретінде білім алып, үлгілі азаматқа айналған  белгілі тұлғалар баршылық. Елдің назарында жүрседе білім нәрін беріп, тәрбиелеген ұстаздарын ұмытпай, жыл сайын құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған.

Осындай азаматтардың бірі – Кенжебек Алпысбаев. Ол «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Алакөл аудандық филиалының төрағасы ретінде сала қызметкерлерінің құқығын қорғап, мәртебесін арттыру жолында еңбек етуде.

Қиындығы мен қызығы қатар жүрген мамандыққа баулып, кәсіподақ өкілінің ұстаздық жолды таңдауына және осы салада түрлі қызметті аброймен атқаруына ықпал еткен алғашқы мұғалімі – Ләйлә Әтіқанова. Қырық жыл ұстаздық етіп,  «Еңбек ардагері» медалінің иегері, тағы басқа түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленген. Еңбегі еленген ұстаз, мыңдаған шәкірттерді қанат қақтырған сала ардагері биыл мерейлі жетпіс жылдық мерейтойын тойлады.

Осыған орай, Кенжебек Сыбағатұлы  салалық «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен» әлеуметтік жобасы аясында Ләйлә Әтіқановаға осы салалық басылымның бір жылдық жазылымын және бағалы сыйлығын табыс етті. Педагог еңбек ардагері тәрбиелеген оқушыларының жеткен жетістігіне қуанып, мерейтойымен құттықтап келген шәкіртіне батасын берді.

Айнұр АСУБАЕВА, 
Алакөл аудандық кәсіподақ филиалының
есепшісі, 
Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий