Баспасөз – 2021: Тәлімгерлердің тағылымды темірқазығы

Егер, баспасөздің ел өміріндегі алар орны жайында сөз болса, онда Ахмет Байтұрсыновтың «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»  – деген сөзі бірден ойға оралады. Бүгінгі нарықтық заманда өмірді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету, әрине  мүмкін емес.

Тәуелсіз ұлттық мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда түсінген адамға теледидар мен радиоға қоса мерзімді басылымдардың да бәсі қашанда жоғары. Алайда қазіргі кезде заманауи технологиялардың қарыштап дамуы, құнды кітаптарды айтпағанда газет пен журналды құныға оқитын жұртшылықтың санын тежеді. Бұл дегеніміз ақпараттық ауқымы жағынан әлемді жайлаған ғаламтор ғасырында оқырмандардың талабы мен талғамына сай баспа өнімін шығару әрине жанкешті жұмыс деген сөз.

Осы тұрғыда, «Білімді ел – Образованная страна» республикалық салалық апталығының алар орны отандық педагогтер қауымы үшін ерекше. Басылымның  әрбір санын үзбей қарап, толық оқуға тырысамын. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, саламатты өмір салтын дәріптеу жолында көптеген материалдар жиі жарияланып, тың ізденістер ел назарына ұсынылып жүр. Сондықтан екі тілде жарық көретін бұл газетті, мұғалімдердің кәсіби қызметін атқаруы барысында қолданатын әдістемелік құрал ретінде бағалауға толық негіз бар.

Өйткені республиканың барлық аймағындағы әріптестеріміз газеттің әр санында педагогтерге арналған жаңаша оқытудың түрлі әдісі мен тәсілдерімен бөлісуде. Бұл көптеген жас мамандар үшін тәжірбие алмасудың тамаша мүмкіндігі. Оның үстіне мектеп мұғалімдерінің жетістіктері, оқушылардың жазбалары, елдегі білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға да тұрақты орын беріледі.

Қазақстанның жарқын келешегі мен  үздіксіз білім саласын дамыту бағытында қолға алған игі істеріңізге толағай табыстар тілеймін! Еңселі еліміздің өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қажырлы қызмет ете беріңіздер!

Ардақ Мәдіханқызы САДЫҚОВА,
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту
басқармасы басшының орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий