Мағжан Жұмабаев шығармашылығы білгірлерінің байқауы мәреге жетті

Жыл сайын оқушылар арасында ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған облыстық байқауын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы VІІІ облыстық «Мағжан оқулары» байқауы пандемия жағдайында ZOOM платформасында онлайн режимінде үш бағыт бойынша өткізіліп, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары атанған 53 үміткер бақ сынады, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

Жас дарындар ақынның өлеңдері мен жеке шығармаларын жатқа оқыды. Жас зерттеушілер М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми жобаларды қорғады. Байқау қорытындысы бойынша 21 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» (өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу) бағытында Бас жүлдемен – Екібастұз қ. №33 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Алтынбек Айшабибі; І дәрежелі дипломымен – Аққулы ауданы С. Сатыбалдин ат. ЖОББМ 6 сынып оқушысы Иманкулова Анель; ІІ дәрежелі дипломымен – Ақсу қ. мамандандырылған гимназияның 8 сынып оқушысы Каиржанова Аида, Баянауыл ауданы Ж. Аймауытов ат. ЖОББМ 8 сынып оқушысы Манарбекова Алуана; ІІІ дәрежелі дипломымен – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 5 сынып оқушысы Айтжанов Адлет, Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бейсембаева Салтанат, Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ 11 сынып оқушысы Евлоева Галина марапатталды.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар) бағытында Бас жүлдеге – Абай ат. гимназияның 10 сынып оқушысы Жанатова Асем; І дәрежелі дипломға – Ы. Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Имантай Мағзұм; ІІ дәрежелі дипломға – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Макаров Муслим, Екібастұз қ. №22 ЖОББМГ 10 сынып оқушысы Қайдаров Бексұлтан; ІІІ дәрежелі дипломға – облыстық әскери мектебінің 10 сынып оқушысы Жумабаев Елдос, Шарбақты ауданы, А. Құнанбаев ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нұрқабыл Парасат, Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ермекұлы Ернұр ие болды.

«Толқынмен толқын сырласып…» (Мағжан өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыс) бағытында Бас жүлдені – Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 10 сынып оқушысы Кабиденова Гульназ; І дәрежелі дипломды – Ертіс ауданы Ағашорын ЖОББМ 7 сынып оқушысы Айбекова Алуа; ІІ дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Сағындыкова Сабина, Шарбақты ауданы Хмельницкий ЖОББМ 8 сынып оқушысы Нурмагамбет Аружан; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. Мақпалеев ат. ЖОББМ 5 сынып оқушысы Сүлеймен Нұрфараби, Аққулы ауданы Малыбай ЖОББМ 9 сынып оқушысы Рашит Адема, Екібастұз қ. №25 ҚҚГ 7 сынып оқушысы Ергазина Ақбота иеленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий