Баспасөз – 2021: Білім мен руханияттың жаршысы

Алаш  қайраткері Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» дегендей, қазіргі мерзімді басылымдардың қоғамның сұранысына сай болуы өте маңызды. «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газеті отандық білім және ғылым саласындағы өзгерістер мен тың жаңалықтарын қамтитын, еліміздің медиа нарығында өзіндік беделді орны бар қоғамдық-саяси басылым.

Қазіргі таңда жаңашыл педагогтердің білім беру жүйесіндегі темірқазығына айналған салалық апталықтың негізгі миссиясы оқырманның жан дүниесін рухани ізгіліктермен байытуға бағытталған. Газеттің әрбір айдары білім саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды. Тәуелсіз еліміздің білім саласындағы мемлекеттің саясатын, Білім және ғылым министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды және мемлекеттік деңгейдегі білім саласындағы ұйымдардың қызметін жедел әрі шынайы түрде ақпараттандырып отыр.

Облыстық білім басқармалары әр нөмер сайын тұрақты ұсынылатын арнайы беттерді тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне ие. Әрі аймақтардағы педагогтермен «кері байланыс» жасау жүйесі де жақсы жолға қойылған. Білімді де зиялы оқырманның ақпарат көзіне айналған газеттің алдағы жаңа сандарында педагогтердің ғылым жолындағы бастамалары, жаңартылған білім беру жүйесінің нәтижесін саралау материалдарына қоса білім алушылардың шығармашылық жұмыстарына орын беру арқылы мазмұн көкжиегін кеңейту қажеттілігі көрінуле.

Білім саласындағы жаңалықтардың шынайылық тұрғысында таратылуына берік тірек бола білген www.bilimdinews.kz сайтының үздіксіз және белсенді жұмыс жүргізуінің нәтижесінде республикалық және аймақтағы білім саласының тыныс-тіршілігін шұғыл ақпараттандыруымен ел аумағындағы барша ұстаздарға жақын танылып отырғандығы шығармашылық ұжымның қарқынды қарымын көрсетеді.

Ақпараттық технология заманында бәсекеге қабілетті және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас ұрпақты тәрбиелеуге мүдделі әрі оқу үдерісіндегі өзгерістерге бейімделуге ұмтылатын зерделі азаматтардың түрлі тақырыпта ой айтып, пікір білдіруін қуана қолдайтын шығармашылық ұжымның бағалы бастамаларына сәттілік серік болсын!

Нұртас АХАТҰЛЫ,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары
қазақ педагогикалық колледжінің директоры,
филология ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан
Педагогикалық Ғылымдар Академиясының
корреспондент мүшесі, Ақмола облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий