Баспасөз – 2021: “Мұғалім мінберінде” сөз сөйлесек

Білім беру саласының соңғы жаңалықтары мен танымдық талдауларын жеткізетін басылым болса, ол “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газеті. Мен бұл басылымды қоғамдағы өзекті мәселелер мен өткір тақырыптарды терең талданып жазылуы, сауатты зерттеулері үшін оқимын.

Отандық педагогтерге арналған апталықта мектепке дейінгі тәрбие мәселелерінен бастап жоғары оқу орнындағы ғалымдардың мақалалары жарық көріп жататынына куәміз. Ауқымы кең әрі өзекті мәселелерді кеңінен қамтып, еліміздің білім саласындағы тыныс-тіршілігінің айнасы бола алған ондағы заманауи менеджмент пен көзі қарақты қызметкерлердің жоғары деңгейін көрсетеді. Қазіргі таңда байқалатын жағдай – қай мектепке, жоғары оқу орнына барсаңыз да кітапханалардан, басшылардың үстелінен осы басылымның тігіндісі мен жаңа санын байқауға болады.

Газеттің дизайны да, мақалалрдың мазмұны да аса бір ыждығаттылықпен, көркемдік талғаммен ерекшеленеді. Сонымен қатар, өзінен бөлек жұмыс жасап тұрған bilimdinews.kz ақпараттық порталының жоғары жылдамдықпен ақпарат таратуы керемет. Артықшылығы әрбір мақала, хабар, сұхбат жарияланған сәтте электронды почтаға келіп түседі. Сөзімнің соңында сүйікті басылымыздың одан да жетілдіретін тұстарына тоқталғым келеді.

Мұғалімдер – білімпаз халық. Осыған орай газетте тек жаңалықтар мен нормативтер ғана емес,  ұлтымыздың рухани құндылықтарына сай танымдық ақпараттар, интерактивті дискуссиялар мен «Мұғалім мінбері» сияқты тұрақты айдарлармен маңызды мәселелер жан-жақты саралап талдауға ұсынылса, беделді газеттің танымалдығын жоғарылатын қалың оқырмандар санының көбейетіндігі даусыз.

Зинур Ғафурұлы МҰХТАР,
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары
педагогикалық колледж директорының
оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары,
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий