Заман талабы жаңаша оқыту

Қазіргі уақытта ғаламтор адамдардың ажырамас серігіне айналды. Дамыған техниканың, ақпараттың ағылған заманында қоғамды компьютер, телефонсыз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар әлемде болып жатқан дүрбелең кезеңде ғаламтордың маңыздылығы біршама есеге артты.

 

Білім және ғылым министрлігінің шешімі негізінде біздің арнаулы оқу орнының студенттері де  заман талабына сәйкес қашықтан оқыту технологиясымен білім алуда. Ұстаздар ұжымының оқытушылық құрамы онлайн дәріс беру барысында ата-аналармен де тығыз бұрыннан бар байланысты бекемдей түсті. Педагогтер қауымы арнайы білім платформалары арқылы сабақтарын ұйымдастырып, түрлі бейнежазбаларды көрсету арқылы тақырыптарды мазмұнды әрі сапалы түсіндірудің қолайлы әдісі мен амалдарын табудан жалықпайды. 

Менде ұстаз ретінде барлық тиімді жақтарын қолдана отырып, қалай болған жағдайда да студенттерге жаңа сабақтың тақырыбын толық деңгейде меңгерту үшін жан-жақты іздену үстіндемін. Нәтижесінде тест құрастыру, қызықты мәліметтерді жинақтау, қажетті бағдарламалармен жұмыс жасау, интерактивті тапсырмаларды беру арқылы білімгерлердің қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері молайды. Облыстық оқу орталығындағы кәсіптік бөлімнің ұйымдастыруымен жалпы пән оқытушылары «Жаңартылған білім беру» бойынша онлайн форматта біліктіліктерін жоғарылатып, ақпараттық сауаттылықтарын арттырды. Әріптестер еңбек демалыстарын босқа жібермей студенттердің сабаққа ынтасын күшейтуге көмектесетін күрделі бағдарламалармен жұмыс жасауды, қашықтан оқытудың мүмкіндіктерін меңгерді.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту: контентін құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін», «Қашықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын  ұйымдастыру»,  «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» сынды басқа да алдын-ала жоспарланған біліктілік арттыру курстарының қашықтан ұйымдастырылуы ұтымды болды. Қазіргі таңда ұстаздардың жұмысы еселене түскендіктен ақпараттық сауаттылықтың маңызы зор.

Осы орайда соңғы үдерістің көшіне ілесу заманымыздың нақты талабына айналғаны белгілі. Сондықтан ешкімнен ештеңе күтпей, әрқашан ізденісте болу – мұғалімдердің негізгі міндеті. «Ұстаз» деген ұлы есімге лайық болу үлкен абырой. Демек тәуелсіз мемлекетіміздің жан-жақты дамуына азаматтық үлесін қосатын бәсекеге қабілетті жас буынға сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында барлық мүдделі тараптар ортақ мақсатпен бірлескен қарекет жасаса алынбайтын қамалдң жоғы рас.

Мақпал Мешітбекқызы МЫҒЫМБАЕВА,
Сырдария аграрлы – техникалық колледжінің
әдіскері, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий