Ақмолалық оқушы республикалық шеберлер байқауында екінші орынға ие болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» республикалық балалар шығармашылығының көрме байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Байқауға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушылары – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының байқау кезеңдерінің 136 жеңімпаздары қатысты. Ақмола облысының намысын 7 оқушы қорғады. Зеренді ауданы, №3 М.Ғабдуллин атындағы Зеренді ОМГ оқушысы Ергалиева Жулдызай «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясында жүлделі екінші орынға ие болды.

Жұлдызай бала кезінен зеректігімен көзге түскен: бала кезінен биге, сурет салуға, ән айтуға бейім болған. Жұлдызай бала-бақша есігінен бастап әр түрлі сайыстарға қатысқан. Ең алғашқы жүлделі орынды 2-сыныпта аудандық «Шеберлер қаласы» атты сайысына қатысып жүлделі І орынды иеленіп, облыстыққа жолдама алып ІІ орын иеленді. Содан бері Жұлдызай біраз сайыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді.

– Мен «Алтын қазына» байқауына қатысып, екінші орынға ие болғаныма өте қуаныштымын. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймын, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие боламын, – деп уәде берді Жұлдызай. Жеңімпаз бен оның жетекшісі Акпаева Гуляим Кашкимбаевнаны шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий