Алтын дан курастыру ашык сабак

Жылкыбаева Кырмызы Аскербековна

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Құрастыру

Тақырыбы: « Алтын дән» (бидай)

Мақсаты: Балаларды  бидай дәнімен таныстыру, одан не жасалатынын айтып түсіндіру.  Ой-өрісін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Нанды  қадірлеуге, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент: нан-хлеб , бидай-пщеница

Көрнекі құралдар:  А-4 формат қағаздар, бидайды жасауға арналған дән, желім, қылқалам, сүлгі, үлгі көрнекіліктер.

Сөздік жұмыс: нан, дәнді дақылдар, алқап т.б.

Жұмыс барысы:

Шаттық шеңбері:

Армысың күн анамыз,

Бүгін бәріміз қуанамыз.

Дастарқанында әр үйдің,

Болсын қасиетті нанымыз.

Сәлеметсіңдерме, достарым!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Тілге арналған жаттығу:

   

Сұрақ-жауап:

-Балалар бізде қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?

Тыныс алу жаттығуы:

«Жапырақ үрлеу»

Жаңа сабақ: 

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

1.Беттескен қос табақ,

Ортасында бас тамақ.

Қоз бен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша.

Таба нан

2.Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

Бидай

-Дұрыс таптындар балалар.Осы нан мен бидайды не байланыстырады деп ойлайсындар?

-Себебі, нан бидайдан жасалады. Нан ең қасиетті тағам, нанды күнде пайдаланамыз, әрқашан дастарқанымызда нан тұрады.

Енді осы нан дастарқанға қалай келеді? Сол туралы әңгімелесейікші. (Слайд түрінде көрсетіліп тұрады)

Жердің жыртуы

Суару

Бидай себуі

Бидайдың пісуі

Піскен бидайды жинау

Диірменге апару

Ұнның диірменнен шығуы

Ұнның наубайханаға келуі

Нанның пісуі

Нанды халыққа сату

Нанның дастарқанға келуі

Құрымдалған ойын: «Кім не істейді?»

Ойынның шарты: Өздері таңдап алған суреттегі мамандық иесі не істейтінің айту.

Диқаншы-егін егеді,баптайды.

Тракторшы-жер жыртады.

Наубайшы-нан пісіреді.

Диірменші-ұн тартады.

Тәрбиеші жетекшілігімен ойын: «Сипап сезу арқылы табу»

Ойынның шарты: сиқырлы қорапшада шар ішінде дәндер жасырылған, балалар сипап , ұстау арқылы дән түрлерін табу керек.

Жұмыс барысы:  (алдын ала жұмыс жүргізілді) Балалар енді біз қазір алдымызда тұрған жаңғақ қабықтарынан бидай дәнін жасайтын боламыз. Ол үшін бізге  А4 қағаз, желім, қылқалам, сүрткіш қажет. Осы құралдарды пайдалану арқылы бидай дәнін құрастырамыз. (тәрбиеші алдымен жұмысты жасалу жолын көрсетеді.)

Сергіту сәті.

Бидай жерге отырды,

Сары түске айналды.

Бидай желмен қимылдап,

Жауын болып жауылды   (балалар қимылмен жасайды)

Қорытынды:

Балалар біз бүгін не жайлы әңгімелестік?

-Ненің суретін құрастырдық?

-Сендерге оқу қвзметі ұнады ма?(Тақтаға жұымстарын жабыстырады)

Мадақтау: Жарайсыңдар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерді әдемі жұлдызша арқылы мадақтаймын.

 

Жылкыбаева Кырмызы Аскербековна
Нұр-Сұлтан қаласы, № 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының тәрбиешісі 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий