Jinalys Room

COVID-19 пандемиясына және білім беру мекемелерінің қашықтықтан оқуға көшуіне байланысты көптеген пайдаланушылар шетелдік бейне байланыс жүйелерін қолдануда қиындықтарға тап болатыны жасырын емес. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың IT-мамандары әзірлеген «Jinalys Room» бейнеконференция байланысының қазақстандық веб-қосымшасы осы мәселені шешуге арналған,-деп хабарлайды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі.

 

Жаңа бейнеконференция байланыс сервисі онлайн-конференциялар, кеңестер, қашықтықтан оқытуды өткізуге мүмкіндік береді және жазбаларды сақтау, хабарламалармен алмасу функцияларын, сондай-ақ корпоративтік ақпараттық жүйелермен интеграциялау үшін әртүрлі API-сервистерді қолдауды қамтиды.

Қосымшаны жасаудың негізгі мақсаттарының бірі – студенттер мен оқытушыларды онлайн режимде оқыту кезеңінде интуитивті интерфейсі бар ыңғайлы бейнеконференция байланыс платформасымен қамтамасыз ету.

Айта кету керек, веб-қосымшаны орнату екінші бір бағдарламалық жасақтаманы қажет етпейді және минималды техникалық талаптары бар құрылғыларда да орнатылуы мүмкін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі университеттің серверлік инфрақұрылымында орнату мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

«Jinalys Room» ақпараттық жүйесі https://jinalysroom.kz сілтемесі бойынша қолжетімді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың IT-мамандары пайдаланушылардың тілектерін ескере отырып, жүйенің функционалдығын үнемі жетілдіріп отырады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий