“DARYN ECOART” сурет және көркем қолөнер республикалық экологиялық байқауының облыстық кезеңі қорытыланды

Елімізде өскелең ұрпақтың экологиялық білімі мен тәрбиесіне баса назар аударылып жатыр. Қазіргі таңда өскелең ұрпақ экологиялық құндылықтарды бойына сіңіруі қажет. Өйткені қоршаған әлемге аса қатты тұтынушылық айтып келмейтін экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан адам мен табиғат өзара үйлесімде өмір сүруі керек.

Балалардың экологиялық білімін нығайту мақсатында Павлодар облысы Білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтан 1-6 сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық экологиялық байқауын екі бағыт бойынша ұйымдастырды. Біріншісі: туған өлкенің пейзажы мен табиғаты тақырыбында үздік сурет байқауы. Екіншісі қайта өңделген материалдар мен қалдықтардан және тағы да басқа дүниелерден жасалған ең үздік көркем қолөнер байқауы.

Үздік сурет бағытына 1-4 сынып оқушылары қатысты (6-10 жастағы топ) Әрбір қатысушы 5 суреттен тұратын экологиялық тақырыпқа, пейзаждар мен табиғатқа, туған өлкенің қоршаған ортасын сақтауға және ұқыпты қарауға арналған жұмыстар топтамасын ұсынды. Үздік көркем қолөнер байқауы 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. (11-13 жастағы топ). Балалардың шығармашылық жұмыстары келесі критерийлерге сай болуы тиіс еді: авторлық түпкі ойыды ашудың толықтығы; идеялардың аса ерекшелігі, шығармашылық көзқарас; орындау техникасының деңгейі, жұмысты безендірудің эстетикасы; орындалған жұмыстың сапасы (беріктігі, тұрақтылығы).

Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдердің 104 жеңімпазы қатысты. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 59 оқушы Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 14 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 19 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 26 оқушы ие болды. Барлық оқушыларға байқауға қатысушының сертификаттары табысталып, үздік жұмыстар «DARYN ECOART» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың республикалық экологиялық байқауына қатысуға жіберіледі.

“Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы, Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий