Мектеп кітапханашыларының мәртебесін өзгерту қажет

Көркем әдебиеттермен мектепті қамтуға байланысты Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар бергені белгілі. Осыған байланысты біздің ұжымның мамандары арнайы жол картасын әзірледі, – деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Оқулық” республикалық ғылыми практикалық орталығының  директоры Ғани Бейсембаев салалық құрылымның бүгін ұйымдастырылған аппарат жиыны барысында сөйлеген сөзінде. 

Орталықтық тарапынан мектеп кітапханаларын көркейту үшін бірнеше міндет пен мақсатты қолға алғаны айрықша атап айтылды. Басты ұстаным мектеп кітапханаларын түгелдей жаңғырту арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі күні бірінші кезекте кітапханаларды заманауи дәрежеге жеткізу, кітапханашылардың әлеуетін көтеру және кітапханаларды көркем әдебиетпен толтыру мәселесіне баса назар аудару қажетілігі күн тәртібінде тұр. 

Кітапханалардың әлеуетін көтеру басты бес бағыттты құрайтындығы жоспарланған. Біріншіден – ең үздік үлгідегі отандық және әлемдік көркем әдебиеттермен қатар салалық және соңғы заманауи көркем әдебиеттермен толықтыру. Мектеп кітапханаларының кадрлық әлеуетін көтеру. Материалдық-техникалық базасын жақсарту. Ғылыми, құқықтық-нормативтік актілерді өзгерту. Барлық кітапхананы цифрлық технологиямен толықтыру.

– Мектеп кітапханашыларын «педагог кітапханашы» атаумен өзгерту арқылы мәртебесін нақтылау ұсынылып отыр. Ол бағытта министрліктің бұрыннан бар бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар мектеп кітапханашыларына біліктілігін, білімін көтеру қажеттілігін де қарастырудамыз. Бұл бағытта республикалық ғылыми педагогикалық кітапхананың нақты ұсыныстары саралануда, – деді Ғани Бектайұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий